CALL - CENTER (Служба поддержки пациентов)  8 800 080 88 28      Телефон доверия 8(72839)5-01-11

Халыққа көмек көрсету

Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасының аясында аурухана әкімшілігі сапалы жоғары мамандырылған көмек көрсету үшін облыстың жетекші мамандарын шақыруда. 2017 жылдың 6 қазанында Алматы облыстық медицина ғылымының докторы, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі, Алматы облысының бас хирургі, профессор, Алматы облыстық «Өңірлік онкологиялық диспансер» мемлекеттік клиникалық ауруханасының хирургиялық бөлімінің меңгерушісі, Семей медицина университетінің құрметті профессоры, «Нұр Отан» партиясының мүшесі Бектұрсынов Сәкен Мырзаханұлы кешенді гинекологиялық операция өткізді. Талдықорған қаласындағы облыстық онкологиялық диспансерде оның басшылығымен кеуде ісігі, өңеш, қалын-ақ ішек, жыныс жүйесі, сүт безі обыры, жамбас ағзалары қатерлі ісігінің жаңа технологиясында күрделі хирургиялық арасулар енгізілді. Өзінің күрделі мамандығының барлық қырларын жақсы меңгерген профессор Сарқан аудандық ауруханасының мамандары үшін мастер-класс өткізді. Аурухана директоры А.К.Шулгаубев осындай мастер-класстар жергілікті дәрігерлерге болашақта ауыр операцияларды жүргізі үшін біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретіні туралы айтып кетті.