БЛОГ РУКОВОДИТЕЛЯ
Шулгаубаев Алтай Камиұлы, 1977 жылы 1-і маусым күні, Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауданы, Қарой ауылында қызметкерлер отбасында дүниеге келдім. Ұлтым – қазақ. 1984 жылы мен Қарой ауылының Карой орта мектептің 1 –ші сыныбына барып, аталған мектепті 1994 жылы үздікке бітіріп, 1994 жылы Семейдің мемлекеттік медициналық академиясына «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түстім. 2000 жылы аталған білім ордасының дәрігер біліктілігін алып шықтым. 2000-2003 жыл аралығында Семейдің мемлекеттік медициналық академиясының интернатурасын «хирургия» мамандығы бойынша оқып шықтым. Жоғары оқу орнын бітірген соң 2003 жылдың шілде айында Сарқан аудандық орталық ауруханасына хирургия бөліміне хирург дәрігері болып жұмысқа орналастым. 2014 жылдың қыркүйек айында хирургия бөлімінің меңгерушісі болып ауыстым. Жоғары санатты хирург дәрігерімін.
2017 жылдың 01 ақпан айынан «Алматы облысының денсаулық сақтау басқарамасы» мемлекеттік мекемесінің бұйрығымен директордың міндетін атқарушысы қызметіне тағайындалдым. 2017 жылғы 10 мамырдан бастап ШЖҚ «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры қызметіне тағайындалдым.
2012 жылы Оңтүстік Корея мемлекетіне хирургия мамандығы бойынша біліктілігімді арттырып келдім.
Мен басшылық жұмыспен қатар хирургиялық тәжірибемді тоқтатқан жоқпын. 2003 жылдан осы уақытқа дейін мың екі жүз ота жасадым. Сонымен қатар ауданымызда профессор Нұрлан Мұхтар Арынұлымен қосылып жиырма екіден астам күрделі отаға қатыстым. Профессор Бектурсынов Сакен Мырзахановичпен қосылып жиырмадан астам отаға тікелей қатысып жүрдім.
Шулгаубаев Алтай Камиевич
Бұл салада халықтың сұранысын 50 пайызға азайттық деп ойлаймын. Осының нәтижесінде осы сала бойынша Алматы, Астана қалаларына барып ота жасату жағдайы азайды деп айта аламын. Осындай жетістікті әр саладан талап етіп отырмыз.
Адал қызметі үшін, көпжыл еңбек еткен және денсаулық сақтау саласында адал қызметі үшін, денсаулық саласында болып жатқан өмірге белсене қатысқаны үшін бірнеше мәрте аудандық әкімшілігінің алғыс хатымен марапатталдым.
2015 жылы «Алматы облысының денсаулық сақтау басқарамасы» басшысы А.М.Байдувалиевтің құрмет грамотасымен марапатталдым.
2016 жылы еңбегім елеп ескеріліп, облыс әкімі А.Баталовтың құрмет грамотасымен марапатталдым.
«Тұлпары озған елдің, тайы да озады» демекші, ел ағаларының жеткен жетістіктерін жалғастыру, елдің табысын одан әрі еселеу –жастардың міндеті. Біз, жастар, бойымызда қайрат, ойымызда ақыл, жүрегімізде жігер барда еліміздің алдында тұрған мақсат-міндеттерді орындауға әрқашан дайынбыз!