CALL - CENTER (Служба поддержки пациентов)  8 800 080 88 28      Телефон доверия 8(72839)5-01-11

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің басталғаны туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Жетісу  облысы  әкімдігінің «Жетісу  облысының  денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік  мекемесінің шаруашылық   жүргізу    құқығындағы  «Сарқан  аудандық орталық  ауруханасы» мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорны  2025 жылғы 1-21 сәуір аралығында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келесі бағыттар бойынша талдау жүргізу жоспарлануда:

  1. кәсіпорынның  қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
  2. кәсіпорынның  ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ұсыныстар болған жағдайда келесі телефондарға хабарласа аласыз: 2-21-00, 87788058494  Даутов Д.А.