CALL - CENTER (Служба поддержки пациентов)  8 800 080 88 28      Телефон доверия 8(72839)5-01-11

Хаттама

ШЖҚ   «Сарқан  аудандық  орталық  ауруханасы» МКК-ның директоры Шулгаубаев Алтай Камиевич пен комплаенс-офицер  Даутов Дидар Алимханович,  шаруашылық   жүргізу    құқығындағы  «Сарқан  аудандық орталық  ауруханасы» мемлекеттік  коммуналдық  кәсіпорнының  дәрігерлеріне, қызметкерлеріне  2024 жыл  06 қыркүйек № 3310-24-00-1/162 Жетісу облысы Талдықорған қалалық сотының жеке қаулысындағы орын алған ашық сот отырысында қаралған, қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген айыппен сотқа берілген материалдар бойынша анықталғаны туралы және қылмыстық  жазалары, сотпен  сотталғандары жайлы  хабардар етті,   қылмыс түбі жаза  екенін  ескертті. Қызметкерлер  өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға сөзсіз ықпал етуі, кез келген бұзушылықтарды анықтауы және жолын кесуі тиіс екені атап өттілді. Республикамыздың президентімен қолға алынған игі шаралардың бірі екені айтылды. Лауазымды адамдар мен басқа да қызметкерлер тарапынан кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және жол бермеуге бағытталған түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізу бойынша  шаралар жандандырылатын және қабылданатын болатыны жайлы айтылды. Әр қызметкер сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл туралы заңнамасын әрбір қызметкер сақтауы тиіс. Аурухананың ресми сайтындағы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ережесі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саясатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нұсқаулықпен, лауазымды тұлғалар мен қызметкерлердің мүдделер қақтығысын алдын алу және реттеу бойынша саясатымен, қызметкерлерінің іскерлік әдеп кодексімен әрдайым танысып, естен шығарылмау, мүлтіксіз сақтау  тапсырылды. Іскерлік  қатынастарда адал және әдепті болу, аурахананың беделін түсіруге қабілетті іс-әрекеттер жасауға жол бермеу, әріптестерінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары құқықтық мәдениетті сақтауды қолдау және талап ету, басқа қызметкерлерді сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға көндірмеуге және мұндай әрекеттерді көтермелемеуге жол бермеу  айтылды. Сыбайлас жемқорлық қылмыстардың жасалуына жол бермеу бойынша лауазымды адамдар мен басқа да қызметкерлер тарапынан кез келген сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруға және жол бермеуге бағытталған түсіндіру және алдын алу жұмыстары жүргізілді.  Сыбайлас жемқорлық  қылмыстық құқық бұзушылықтары  үшін  Қазақстан  Республикасының  Қылмыстық  кодексiнде көзделген қылмыстық жауапкершілік   көзделген  жөнінде айтылып,  оқыту  дәрісі  өткізілді.