CALL - CENTER (Служба поддержки пациентов)  8 800 080 88 28      Телефон доверия 8(72839)5-01-11

Үй кілттері табыс етілді

Аудан басшылары тұрғындарға қашанда сапалы медициналық қызмет көрсетуді көздейді. Осы мақсатта жоғары оқу орнын бітірген сала мамандарын саялы өңірге көптеп тартуда. Ол ушін жас мамандарға түрлі әлеуметтік көмек көрсетіп, қолдау білдіріп келуде. Оның айқын айғағы жақында медицина қызметкерлерінің аудан әкімінің тікелей қолдауымен баспаналы болуы.Жақында Сарқан қаласы «Аэродром» ықшамауданында сап түзеген сәнді үйлердің қатарын 10 жалгерлік тұрғын үйлер толықтырды. Баспаналы болған жандардың қуанышын аудан әкімі Ерғазы Қошанбекұлы бөлісіп салтанатты жағдайда үй кілттерін табыс етті. Көп жылғы кезегін күткендердің қатарында біздің Сарқан аудандық орталық ауруханасының дәрігерлері де бар. Өңір басшысы үйлі атанған Рүстем Мүкреев және Олжас Байжановтың шаңырақтарына бас сұғып, хал-жағдайларына қанықты. Ұзақ жылғы үміттері ақталып, баспаналы болғандар қамқорлық көрсеткен өңір басшыларына шынайы алғыстарын ақтарды.