CALL - CENTER (Служба поддержки пациентов)  8 800 080 88 28      Телефон доверия 8(72839)5-01-11

Антикоррупционный комплаенс

I-тоқсан 2024  жыл

Тақырып бойынша оқыту дәрісі - ҚР-дағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама

  1. Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасы
  2.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар тұжырымдамасы

 

ШЖҚ   «Сарқан  аудандық  орталық  ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық  кәсіпорнының  қызметкерлеріне   ШЖҚ   «Сарқан  аудандық  орталық  ауруханасы» МКК-ның   комплаенс-офицері  Даутов Дидар Алимханович  Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 15-тарауы  мемлекеттiк  қызмет пен  мемлекеттiк басқару мүдделерiне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық құқық бұзушылықтары  жөнінде, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 34-тарауы әкiмшiлiк сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар бойынша  оқыту  дәрісін  өткізді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылып келеді. Соның ішінде, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек. Парақорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне абыройсыздық ұялатады, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазіргі таңда қоғамымызға қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып жатыр. Жемқорлықпен күрес арнайы дайындалған мемлекеттік бағдарлама негізінде жүзеге асырылуда. Еліміздің өркениетін дамытқысы келетін, өз ортасын құрметтейтін әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті белгілі бір жүйеге келтіруге, ел ішіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүдделі және оның алдындағы басты парызы. Қоғаммен бірге өркендеп, етек жайып, етіне сіңісіп келе жатқан бұл кеселдің тереңнен құлаш жаймауына өз үлесімізді қосу және оған тосқауыл болу-біздің басты міндетіміз.