1 наурыз - Алғыс айту күні
2018 жылдың 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай Сарқан ауданының орталық ауруханасының емханасында «Ашық есік» күні өтті. Келген тұрғындарды қабылдау үшін емханада арнайы дәрігерлер мен медбикелер бөлінді. Дәрігер окулистте 38 адам кабылданды, әйелдер қарау кабинетінде 32, ерлерді қарау кабинетінде 25, дәрігерге дейінгі кабинетте 24, артериялдық қан қысымды 60 адамға өлшеп берілді, қан тобын 16 адамға анықтап берілді, флюрографиядан 45 адам өтті, ЭКГ 36 адамға жасалынды, 35 адам онкологиялық консультация алды және салауатты өмір салтын ұстану кабинетінде түрлі тақырыптарға әңгімелесу өтіп ақпараттық материалдар таратылды.
Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне Искаков Б. Қойлық ауылы , Ульянов Г. Пограничник ауылы, Галкин А. Черкасск ауылы медицина қызметкерлері белсенді түрде барып, тиісті медициналық тексеруден өткізіп, медициналық қобдиша және сыйлықтар табыстады.
Ауған соғысының ардагерлері Жубанышев А Сарқан қаласы Байзакова 16, Темиргалиев М. Сарқан қаласы Урманова 38, Токжигитов Е. Сарқан қаласы Пушкина 14/10 Ауған соғысының 3-ші топтағы мүгедегіне де медициналық қызмет көрсетілді.
Чернобыль апаты қатысушыларына: Ковалевский В. Сарқан қаласы Кабанбай батыра 151, Оразаев А. Сарқан қаласы Сатпаева 5,Кадыров С.К. Черкасск ауылы,Тойчубекова 153 медицина қызметкерлері уйлеріне барып тиісті медициналық көмек көрсетіп Алғыс айту күніне орай құрмет көрсетіліп, алғыс айтылды.
1-ші топтағы мүгедектерге: Ускембаев А. Панфилова 24, Ерушина В. Сарқан қаласы Қойбағарова 113 медициналық көмек көрсетілді.