8 наурыз мерекесі атап өтілді
2018 жылдың 6 наурызында Сарқан ауданы ауруханасының аумағында Халықаралық әйелдер күні - 8 наурыз мерекесі атап өтілді. Директордың орынбасары дәрігер аудит И.Б. Мырзашев, кәсіподақ комитетінің төрағасы Т.Т. Тунғатов, аурухананың бас медбикесі А.Ш. Джақсыбаева құттықтау сөз сөйледі. Мереке құрметіне медицина қызметкерлері үшін аурухана әкімшілігі мен мәдениет қызметкерлерінің күшімен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.