CALL - CENTER (Служба поддержки пациентов)  8 800 080 88 28      Телефон доверия 8(72839)5-01-11

Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар

Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы Астана қаласының 20 жылдығына арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2018 жылғы 20 қаңтар күні Сарқан аудандық орталық аурухана қызметкерлері арасында қысқы спорт түрлерінен « Жеңісім саған, Астана » атты спорттық марафон ұйымдастырылды. Сарқан ауданының Екіаша ауылының тау бөктерінде медицина қызметкерлері тау шаңғысы, тау бөктерінен сырғанақ тебу, биіктікке жүгіруден жарысты. Жеңімпаздар грамоталармен жәңе сыйлықтармен марапатталды.