CALL - CENTER (Служба поддержки пациентов)  8 800 080 88 28      Телефон доверия 8(72839)5-01-11

Денсаулық фестивалі

 2018 жылғы 9 ақпан күні аудан әкімі Е.Қошанбековтың, аудандық аурухана директоры А.К.Шулгаубаевтың қатысуымен Астана қаласының 20 жылдығына орай  мемлекеттік қызметкерлер арасында қысқы спорт түрлерінен «Денсаулық фестивалі» болып өтті. Сарқан ауданының Екіаша ауылының тау бөктерінде мемлекеттік  қызметкерлер арасында арқан тартыс, футбол, ән байқауы, қол күрес, аспаздар жарыстары ұйымдастырылды. Ән байқауы  жарысынан жүлделі 2 орынға және Аспаздар жарысынан жүлделі 2 орынға Сарқан аудандық орталық аурухана ұжымы ие болды.