Денсаулық күні!
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын орындау мақсатында республикада 2018 жылғы 7 сәуірдегі Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Сау болу – сәнді!» ұлттық бағдарламасының шеңберінде Сарқан аудандық орталық ауруханасында 2018 жылы 7 сәуір куні « Денсаулық куні » өтті. Іс шараға аурухананың медбикелері мен дәрігерлері қатысты, барлығы 25 адам. Іс шара денені шынықтыруға бағытталды. Осы куні Сарқан аудандық аурухансының емханасында денсаулық күніне арналған «ашық есік күні» өтті. Ашық есік күні бойынша 87 адам қабылданды. Ашық есік куні аурухана емханасында қан қысымын өлшеу, көзішілік қысымды өлшеу, қандағы қант мөлшерін өлшеу болды.