Денсаулық сақтау саласының орта буын қызметкерлеріне арналған облыстық конференция
Сарқан аудандық орталық ауруханасында Денсаулық сақтау саласының орта буын қызметкерлеріне арналған облыстық конференция наурыз айының 16 жұлдызына жоспарланып өткізілді. Конференцияны медицина ғылымдарының докторы, сапа менеджмент жүйесі халықаралық орталығының басшысы Шегирбаева Карлыгаш Байдуалиевна ауылдық меңгерушілерге және орта буын қызметкерлеріне жүргізді. Конференция барысында медицина қызметкерлерінің арасында этика диантология, тері астына, бұлшық етке, қан тамырларына екпе салу, жәбірленушіге жедел түрде көмек көрсету, нәрестенің жан сақтау тәсілдері тақырыптары айтылып кеңінен түсіндірілді.