ГКП на ПХВ "Сарканская Центральная Районная Больница"
Алматы облысы әкімдігінің «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнындағы «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» бойынша отырыс
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдаудың тоғызыншы бағытында жемқорлықпен күресті және заңның үстемдігін атап өтті.
Осыған орай, аталған тоғызыншы бағытты басшылыққа алып шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және азаматтық құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудың басым бағыты» атты тақырыпта жаппай облыстық, аудандық біріңғай сағаты бойынша жиналыс өткізіліп аудандық орталық аурухана қызметкерлердің назарларына жеткізілді. Жиналыс барысында жемқорлық қоғам үшін көп кері әсерін, залалын тигізетін,і қоғамдық дерт екендігі, жемқорлыққа жол бермеу мәдениетін қалыптастыру, жемқорлыққы жол бермеу жөнінде баяндалды. Жемқорлық фактілері бойынша Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қатаң жауапкершілік көзделгенін, қылмыс болып табылатынын, заңмен қудаланылатыны ескертілді. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін, ең қауіпті түрі-парақорлық болып табылатыны, бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып белсенділік таныту қажеттілігі айтылды.
Ұжым қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарын біліп жүру, Қазақстан Республикасының азаматы болғандықтан әр азамматтың біліп жүру керектігі және борышы екендігі ескертілді. Заңды адам өзі оқып білуі арқылы заң алдында өз жауапкршілігін түсінетіндігі жөнінде айтылды.
ШЖҚ «Сарқан аудандық орталық ауруханасы» МКК директоры А.К.Шулгаубаев