ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы
ШЖҚ Сарқан аудандық орталық ауруханасында 13.03.2018 жылы Нур Отан партиясының Сарқан аудандық филиалының басшысы Тусупов Марат Толеуұлы және Халыққа қызмет қөрсету орталығының басшысы Елюбаева Сания Аблайханқызы «Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы» туралы бас қосу өтті. Бас қосуда Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы талқыланды.
Бірінші бастама – Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру «Жеті - Жиырма - Жиырма бес» бағдарламасы арқылы ипотекалық несиенің:
- жылдық мөлшерлемесі 7 пайыздан аспайтын;
- бастапқы жарнасы 20 пайызға дейін;
- мерзімі 25 жылға дейін болады.
Екінші бастама: «Жалақысы төмен жұмысшылардың еңбекақысын көбейту үшін олардың салық жүктемесін азайту»
Салыстырмалы түрде төмен жалақы алатын қазақстандықтарды қолдау үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап олардың салық жүктемесін 10 есеге азайтып, 1 процент қана салық салынатын болады. Мысалы : 60000 мыңға дейынгі айлық алатын азаматтар үшін жалақыдан 1 пайыз салық жүктемесі алынады, ол шамамен 600тг болады.
Үшінші бастама: «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту».
Қазір жыл сайын бөлінетін 54 мың грантқа қосымша 2018-2019 оқу жылында тағы 20 мың грант бөлу керек.Оның 11 мыңы техникалық мамандықтар бойынша бакалаврлық білім беруге тиесілі болады. Мұнда ең алдымен инженерлер, ақпараттық технология, робот техникасы, нанотехнология саласының мамандары. Аталған шаралар орта мектеп түлектерін жоғары біліммен неғұрлым көбірек қамтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салынуда.
Төртінші бастама: «Шағын несие беруді көбейту»
Өзін-өзі еңбекпен қамтыған және жұмыссыз тұрғындардың арасында жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін атқарылып жатқан жұмыстардың аясында жеңілдетілген шағын несие беру неғұрлым тиімді тетік саналады. 2017 жылы жалпы сомасы 32 миллиард теңге болатын 7200 шағын несие берілді. 2018 жылы қосымша 20 миллиард теңге бөліп, шағын несиелердің жалпы сомасын 62 миллиард теңгеге жеткізілді. Нәтижесінде шағын несие алатындардың саны 2017 жылмен салыстырғанда 2 есеге артып, 14 мың адамға жететін болады. Бұл, әсіресе, ауыл-аймақтар үшін, ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту үшін айрықша маңызды болып келеді
Бесінші бастама: «Елді газбен қамтамасыз етуді жалғастыру».
Қазір еліміздегі тұрғындардың 50 процентке жуығы газбен қамтамасыз етілген. 9 облысқа газ тартылған. Дегенмен, орталық және солтүстік өңірлер әлі де газ жеткізілмеді .Қараөзек (Қызылорда облысы) – Жезқазған–Қарағанды–Теміртау–Астана бағытында магистральді газ құбырын салу жобасын жүзеге асырылуы керек . Бұл 2,7 миллион адамды газбен қамтамасыз етумен қатар, шағын және орта бизнестің жаңа өндірістерін ашуға мүмкіндік береді. Сонымен бірге, экология жақсарады