Күрделі оталар жасалуда
Сарқан аудандық орталық ауруханасында профессор, атақты хирург, медицина ғылымының докторы Нұрлан Мұхтарұлы Арын мастер-класстар өткізді. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың : « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасының аясында туған жердің өркендеуіне үлес қосуды басты мақсаты екенің айтып кеткен атақты дәрігер жыл сайын туған жері Сарқан ауданына келіп жерлестеріне медициналық көмек көрсетіп, аудандық аурухана дәрігерлеріне мастер-класстар өткізеді. Осы жолы Алакөл ауданының дәрігерлері де келіп мастер-классқа қатысты. Аудан әкімі Е.Қошанбековтың, аурухана директоры А.К.Шулгаубаевтың қатысуымен Н.М.Арынның емдеу мекеменің ұжымымен кезекті басқосуы өтті. Басқосуды аудан әкімі Е. Қошанбеков жүргізіп, туған жеріне ат ізін салған айтулы перзенттерінің білімі мен біліктілігі ел мүддесіне жұмсалатындығын мақтан тұтып, аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді. Аурухана директоры А.К.Шулгаубев осындай мастер-класстар жергілікті дәрігерлерге болашақта ауыр операцияларды жүргізі үшін біліктіліктерін арттыруға мүмкіндік беретіні туралы айтып кетті. Сол күні профессор 11 күрделі операция жасады: 3 гинекологиялық операция, 6 операция қалқанша безіне және 2 операция буйрекке жасалынды.