Сарқан ауданында тұмауға қарсы вакцинациялау басталды
Сарқан ауданы бойынша тұмауға қарсы вакцинациялау акциясын аудан әкімі Е.Қошанбеков қолдап, бірінші күнінен бастап, вакцина салдырып, аудан тұрғындарын екпе салдыруға шақырды. «Тұмауға қарсы егілейік!» акциясы Сарқан аудандық орталық аурухана әкімшілігінің ұйымдастыруымен ауданымызда 25 қыркүйек күні бастауын алды. Жылда ауданымызға тұмауға қарсы бюджеттен тегін вакцина бөлінеді. Тұмауға қарсы «Гриппол+» вакцинасы тұмаудың ең ауыр түрлерінің алдын алу үшін егіледі.