Шеберлік дәрістерін өткізді
Сарқан аудандық орталық ауруханасында медицина ғылымының докторы, атақты хирург, профессор Нұрлан Мұхтарұлы Арын, профессор, медицина ғылымының докторы, кардиология ғылыми-зерттеу институтының қызметкері Мира Қапсеметқызы Тундыбаева шеберлік дәрістерін өткізді.
Нұрлан Мұхтарұлы жыл сайын туған жері Сарқан ауданына келіп, жерлестеріне медициналық қызмет көрсетеді.
Осы жолы Сарқан аудандық ауруханасының бас дәрігері А.К.Шұлғаубаевтың шақыруымен келген Нұрлан Мұхтарұлы емдеу мекемесінің дәрігерлерімен сұхбаттасып, Елбасының рухани жаңғыру бағдарламасы аясында туған жердің өркендеуіне үлес қосуды басты мақсат екенің айтты. Басқосуды аудан әкімі Е. Қошанбеков жүргізіп, туған жеріне ат ізін салған айтулы перзенттерінің білімі мен біліктілігі ел мүддесіне жұмсалатындығын мақтан тұтып, аудан тұрғындары атынан алғыс білдірді. Сол күні профессор лопороскопиялық тәсілмен аудандық ауруханадағы заманауи жабдықтарды пайдалана отырып білікті медициналық көмекке мұқтаж Болат Сыдықовқа, Эльмира Мамбетбаеваға, Галина Менгазоваға холецистоэтомия, миома, варикоз диагноздары бойынша ота жасады. Сәтті жасалған отадан соң палаталарына оралған пациенттердің тегін көмек көрсетіп, жерлестеріне қамқорлық қолын созған дәрігерге алғыстарын білдірді.