CALL - CENTER (Служба поддержки пациентов)  8 800 080 88 28      Телефон доверия 8(72839)5-01-11

Шеберлік сабақтары өткізілді

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында аудандық аурухана басшылары халыққа сапалы жоғары мамандырылған көмек көрсету және аудандық дәрігерлердің дағдыларын жетілдіру мақсатында кейінірек күрделі операцияларды жүргізе алу үшін, облыстың жетекші мамандарын шеберлік сабақтарын алу үшін шақырады. 2018 жылдың 11 қаңтарында Талдықорған қаласындағы көпсалалы аурухана хирургиясының бас дәрігерінің орынбасары Шарипов Марат Набимураұлы  және көп профилді аурухананың минималды инвазиялық хирургия бөлімінің меңгерушісі Исаев Еркен Хансултанұлы  2 науқасқа лапароскопиялық холецистэктомия жасалынды.