Сарқн аудан әкімдігінің мәжіліс залында Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (КЕАҚ МӘМС) жүйесін тұрғындарға түсіндіру мақсатында жиын өткізілді
#Міндетті_әлеуметтік_медициналық_сақтандыру_жүйесі_бойынша_түсіндіру_жұмыстары_жүргізілді
Сарқн аудан әкімдігінің мәжіліс залында Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасы, Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті және әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (КЕАҚ МӘМС) жүйесін тұрғындарға түсіндіру мақсатында жиын өткізілді.
Жалпы жиынның мақсаты Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауында берген тапсырмаларын орындау үшін, халықтың, мемлекеттің және жұмыс берушінің ортақ жауапкершілігіне негізделген міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне кезең - кезеңмен өту жұмыстарын жалғастыру бойынша жалпы аудан тұрғындарына тиімді түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Осы орайда «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Сәбит Райымбекұлы Құралбек өз сөзінде:
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры - аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдер мен талаптарға сай медициналық көмек беретін, денсаулық сақтау субъектілерінің қызметтерін сатып алуды және оларға ақы төлеуді жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым.
Сонымен қатар, 2017 жылдың қараша айында Қазақстанның ауруханалары мен емханаларының жұмысын бағалау бойынша «Медициналық сақтандыру қоры: халықтық бақылау» мобильдік қосымшасы әзірленді.
Қосымша бірден бірнеше мәселені шешеді: азаматтарға тағы бір жедел кері байланыс арнасын ұсынады, қызмет көрсету үшін клиниканы таңдау процесін жеңілдетеді. Өз кезегінде, Қорда пациенттердің медициналық көмек көрсету сапасына қанағаттану дәрежесі туралы қосымша ақпарат алуға мүмкіндік болады.
Медициналық қызметтерді пайдаланушылар қосымша арқылы медициналық мекемелер туралы пікірлерін қалдыра алады,соның негізінде клиникалардың рейтингісі қалыптасып, Қордың fms.kz сайтында халықты ақпараттандыру мақсатында ұдайы жарияланып отырады». – деп, сөзін түйіндеді.
Жиынға «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының директоры Құралбек Сәбит Райымбекұлы , Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Айганибек Мәлейұлы, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Алматы облыстық филиалы директордың орынбасары Байжанов Біржан Досымханұлы, БАҚ өкілдері, мекеме кәсіпорын басшылары және медицина қызметкерлері қатысты.
#SarqanAydany #СаялыТөрімСарқаным #МӘМС