1 маусым – Халықаралық балалар қорғау күні
Сарқан аудандық орталық ауруханасында 30 мамыр – 1 маусым аралығында Халықаралық балалар қорғау күніне арналған іс-шаралар өткізілді. Осы мерекеге орай балалар бөлімінде медициналық қызметкерлердің күшімен концерттік бағадарлама өткізіліп, аурухана директоры А.К.Шулгаубаев және директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Ю.В.Эккель құттықтау сөз сөйледі. Балаларға арналған суреттер сайысы кағазда және асфальтта өтті «Арқашан күн сөнбесін» ұранымен, сыйлықтар таратылды және аурухананың балалар бөлімінде мерекелік ас ұйымдастырылды. 23-27 мамыр күндері ашық есік күндері болып өтті және де арнайы дәрігерлер мен медбикелер мүгедек балалардың уйлеріне барып денсаулықтарын қарап аптечкалармен сыйлықтар табыстады.